Қоғам • 23 Қазан, 2020

Ұлттық Банк Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына арналған монеталар шығарады

15 рет көрсетілді

Ұлттық Банк номиналы 100 теңгелік МН 25 мельхиор қоспасынан "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" монеталар сериясынан "JUBAN MOLDAǴALIEV.100 JYL" коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Монеталарды шығару Қазақ КСР Халық жазушысы, "Қыран дала", "Мен қазақпын", "Жыр туралы", "Сел" және басқа да шығармалардың авторы, қазақ ақыны Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орайластырылған.

Сату күні туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында қосымша орналастырылатын болады.

"JUBAN MOLDAǴALIEV. 100 JYL" монетасының аверсінде орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның сол және оң жағында ұлттық ою-өрнектің элементтері орналасқан. Монетаны айналдыра "QAZAQSTAN  ULTTYQ  BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN" деген жазу бар. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "100 TEŃGE" деген жазу бар.

Монетаның реверсінде Жұбан Молдағалиевтің портреттік бейнесі орналастырылған. Сол жақта мерейтойлық датасы мен соғылған жылын білдіретін "100 JYL", "2020" деген жазулар бар. Монетаның жоғарғы бөлігінде "JUBAN MOLDAǴALIEV" деген жазу бар.

Монеталар МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы "brilliant uncirculated", номиналы 100 теңгелік, таралымы - 7 000 дана.

Монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Номиналы 100 теңгелік коллекциялық монеталар төлемдердің барлық  түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке жазылуға және аударылуға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Соңғы жаңалықтар

Келер жылы тариф көтерілмейді

Экономика • Бүгін, 08:19

Комиссия отырысын өткізді

Саясат • Бүгін, 08:04

Жасанды интеллект жәрдемі

Технология • Бүгін, 07:58

Аң-құсқа да қамқорлық қажет

Оқиға • Бүгін, 07:55

Жаңа аудандағы жасампаз іс

Аймақтар • Бүгін, 07:53

Ауылдағы сервистік әкімдік

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Әлемді қызғылт сары етейік

Қоғам • Бүгін, 07:37

Елбасы және Қазақстан ғылымы

Елбасы • Бүгін, 07:27

Мұғалім жасаған сабын

Ғылым • Бүгін, 07:09

СКА-ға есе жіберді

Хоккей • Бүгін, 07:09

Абайдың 180 өлеңін жатқа айтады

Аймақтар • Бүгін, 07:08

Ұқсас жаңалықтар