Салмақ өлшеу кезінде екі спортшының да салмағы бірдей межені көрсетті. Нақтылап айтар болсақ, Хабиб пен Гэтжидің салмағы 70,3 кило (155 фунт) болды. Жарыс ережесіне сәйкес спортшылар 155 фунттан аспауы керек болатын.
Айта кетейік, UFC 254 турнирі ертең БАӘ-дегі Жауынгерлер аралында өтеді. Аралас жекпе-жек кешінде отандасымыз Шавкат Рахмонов та бақ сынайды. Ол «Ковбой» лақап атымен танымал бразилиялық файтер Алекс Оливейрамен (22-8-1-2) жұдырықтасады.