Спорт • 23 Қазан, 2020

Рахмоновтың UFC 254-тегі қарсыласының салмағы шекті межеден асып кетті

1127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін UFC 254 турнирі өтетін Абу-Дабиде (БАӘ) октагонға шығатын спортшылардың қатысумен салмақ өлшеу рәсімі өтті. Олардың қатарында UFC жарысына тұңғыш рет қатысқалы жатқан жерлесіміз Шавкат Рахмонов та бар.

Рахмоновтың UFC 254-тегі қарсыласының салмағы шекті межеден асып кетті

Аралас жекпе-жектің басты ұйымында дебютті жекпе-жегін өткізетін қазақстандық Шавкат Рахмонов бүгінгі салмақ өлшеу кезінде белгіленген 77,6 кило (171 фунт) нәтижені көрсетті. Ал отандасымыздың қарсыласы Алекс Оливейра жартылай орта салмақтың шекті межесінен асып кетті. Яғни, бразилиялықтың таразыдағы салмағы 78,47 кило (173 фунт) болды.

Айта кетейік, ертеңгі UFC 254 турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Джастин Гэтжи күш сынасады. Олар жеңіл салмақтағы чемпиондық атақты сарапқа салады. Салмақ өлшеу рәсімінде екі спортшы да бірдей нәтиже көрсетті.