Коронавирус • 23 Қазан, 2020

Елордада 18 оқушы коронавирус жұқтырды

542 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл оқу жылының басынан бері Нұр-Сұлтанда 18 оқушы коронавирус жұқтырды.  Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасының басшысы Шолпан Қадырова елорда әкімдігінде өткен онлайн брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада 18 оқушы коронавирус жұқтырды

"Қазір мектептерде 3011 кезекші сыныпта 40400 оқушы білім алып жатыр. Қаланың бас санитарлық дәрігерінің мәліметіне сәйкес, мектеп оқушылары арасында коронавирус жұқтырғандар анықталды. Оқу жылының басынан бері коронавируспен ауырған балалардың саны 18-ге жетті. Оның 14-і қашықтан оқитындар, төртеуі – кезекші сынып оқушылары", - деді Ш. Қадырова.

Оның айтуынша, індет жұқтырған балалардың сыныптары қашықтан оқыту форматына ауыстырылып, Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері дезинфекция жұмыстарын жүргізген.

"Карантин режимінің мерзімі – 14 күн. Содан кейін сыныптар бұрынғы режимге көшеді. Бұл мәселе Білім басқармасының ерекше бақылауында болады", - деді ол.