Қоғам • 23 Қазан, 2020

Биыл елдегі құрылыс көлемі 10%-ға артты

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы деректеріне сәйкес, құрылыс бойынша нақты көлем индексі 110,5% - ды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл елдегі құрылыс көлемі 10%-ға артты

2020 жылғы қаңтар-қыркүйек қорытындылары бойынша 16 өңірде оң динамика байқалады. Ең үздік көрсеткіш - Шымкентте (178,4%), Түркістан (175,9%) және Жамбыл (138,1%) облыстарына тиесілі.

Көрсеткіштің төмендеуі тек қана бір өңірде - Қызылорда облысында (50,8%), магистралдық газ құбырларын салу бойынша жұмыстардың аяқталуы есебінен байқалады.