Аймақтар • 23 Қазан, 2020

Шығыста екі азамат заңсыз балық аулаған

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының инспекторлары заңсыз балық аулағандарды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыста екі азамат заңсыз балық аулаған

Жуықта облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына қарасты Бұқтырма бөлімінің инспекторлары рейдттік іс-шараларды жүзеге асыру кезінде, Ұлан ауданы, Огневка ауылының жанында Өскемен су қоймасында аспалы моторы бар «Казанка» қайықтатыйым салынған синтетикалық дараталшықтан жасалған қармақ ау құралын пайдаланған екіазаматты анықтаған.

Оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 383 бабы, 3 тармағы бойынша хаттама толтырылды. Ал соттың шешіміне дейін қайық, мотор, ау алынды.