Аймақтар • 23 Қазан, 2020

Ауыл тұрғынына демеушілер көмегімен үй салынып жатыр

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020–2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында Жалағаш кентіндегі Дәуімбай учаскесінде 10 несиелік тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Ауыл тұрғынына демеушілер көмегімен үй салынып жатыр

Оған облыстық бюджеттен 91 млн, жергілікті бюджеттен 3,6 млн теңге бөлініп, құрылыс мамыр айында басталған.  Бұл баспаналар жер учаскесін алу кезегіне тіркелген азаматтарға "Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі" АҚ арқылы 14-15 жыл мерзімге несиеге беріледі. Бір үйдің бағасы шамамен 7,8 млн теңге болып отыр

Осы баспаналардың бірі демеушілер көмегімен Ақсу ауылының тұрғыны Орынбек Шаймағанбетовке табыстамалмақ. Орынбек Шаймағамбетов осы ауданның тумасы. Әскерге барып келіп, отбасын құрып, жұмыс істеп жүрген азамат 2002 жылы теміржол апатына ұшырап, 1 топ мүгедегі болып қалады. Тағдыр сынына мойымай тырмысып еңбек етіп, 2014 жылдан бастап тігін тігумен айналысады. 2015 жылы АҚНИЕТ  бағдарламасымен қайтарымсыз 485 000 теңге алып, кәсіп ашыпты. Бірақ, осы жылы бұл отбасы тағы бір қиындыққа ұшырайды: Орынбектің жұбайы Жеміскүл жол апатына түсіп, жұмыстан шығып қалады.

Қазір Ақсу ауылында үй жалдап тұрып жатқан отбасы жақын арада жерлестерінің көмегімен жаңа баспанаға кірмек. Жаңа аудандағы үй құрылысы барысымен танысқан аудан әкімі Асылбек Шәменов Шаймағамбетовтер отбасына арналған баспана жыл соңына дейін аяқталатынын айтты.