Экономика • 23 Қазан, 2020

ЕЭК кептірілген кокос жаңғағына арналған импорттық баждың бағасын нөлге түсірді

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы кептірілген кокос жаңғақтарына арналған кедендік әкелу бажының бағасын үш жыл мерзімге 3%-дан 0%-ға дейін төмендетті. Шешім Ресей Федерациясының бастамашылық ұсынысын қарау нәтижелері бойынша қабылданды, деп жазады Egemen.kz  ЕЭК таратқан деректерге сілтеме жасап.

ЕЭК кептірілген кокос жаңғағына арналған импорттық баждың бағасын нөлге түсірді

Кептірілген және ұсақталған кокос жаңғақтары (кокос жаңқасы) ұннан жасалатын кондитер бұйымдарының кейбір түрлерінің, атап айтқанда, торт, тәтті нан және піспенан өндірісінде пайдаланылады.

Табиғи-климаттық жағдайларға орай Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағында кокос пальмалары өспейтіндігі ескеріп, кокос жаңқасына деген қажеттілік импорттық жеткізілімдер есебінен қамтамасыз етіледі.

Қабылданған шешім дайын өнімдер өндірісіне жұмсалатын шығындарды қысқартуға, кокос жаңқасы пайдаланылатын бұйымдардың үлесін арттыруға, сондай-ақ экспорттық нарықтардағы отандық кондитерлік кәсіпорындардың позициясын нығайтуға бағытталған.

"Күтіліп отырғанындай, кептірілген кокос жаңғақтарына арналған кедендік әкелу бажының ставкасын төмендету мүше мемлекеттердегі пандемия жағдайында құлдырау көрсеткен кондитер өнімі өндірісінің көлемін қалпына келтіруге көмектеседі", деп атап өтті ЕЭК-тің Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян.

Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.​

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше