Аймақтар • 23 Қазан, 2020

Қызылорда облысындағы 44 мектепте инклюзивтік кабинет ашылады

704 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыр елінде ерекше оқуды қажет ететін және үйден оқитын балаларға арналған инклюзивті оқыту үшін арнайы Жол картасы жасалған. Биыл Жол картада көзделген міндеттерді орындау үшін 505 млн.теңге қаржы бөлініп, 47 балабақша логопедиялық пунктер және мамандармен қамтамасыз етілсе, 44 мектепте инклюзивтік кабинет ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда облысындағы 44 мектепте инклюзивтік кабинет ашылады

Бүгінгі күні салаға жауапты мамандардың сөзіне сүйенсек, "Жол картасы" аясында инклюзивтік ресурстық орталықтар ашу, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, білім беру ұйымдарын арнайы оқулықтармен қамтамасыз ету шаралары жүзеге аспақ.

Айта кету керек, өңірде мектептердің материалдық-техникалық базаларын нығайту бағытында қарқынды жұмыс жүргізілуде. Мәселен, облыс мектептерінің 65 пайызында жаңа модификациялық кабинеттер жұмыс жасап келсе, биылғы жылы 236 пәндік кабинеттер ашылады. Сонымен бірге 42 мектепке "3Д модельдеу" кешен жабдықтарымен толықтырылады.