Қоғам • 23 Қазан, 2020

Судьяларға ақпараттық қысым күн өткен сайын көбейіп келеді

823 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Судьяларға ақпараттық қысым күн өткен сайын көбейіп келеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Судьяларға ақпараттық қысым күн өткен сайын көбейіп келеді

"Бұл, бүгінгі күн тәртібіндегі өте өзекті мәселе. Оны Президенттің өз ауызынан естігенімізге қуаныштымыз. Шын мәнінде, судьяларға ақпараттық қысым күн өткен сайын көбейіп келеді. Әсіресе, заңды білмейтін, "түймедейді түйедей қылатын" блогерлер тарапынан бар. Өкінішке қарай, кейбір кәсіби адвокаттардың өзі сот үкімі шықпай, процесс аяқталмай жатып шешімдерін халыққа таңып жатады. Судьянікі дұрыс деп шығатындарды да байқап отырмыз. Әрине, мұның бәрі заңға қайшы", деді ол.

Айдос Сәдуақасов мәлімдегендей, еліміздің Конституциясында нақты істерді қарау кезінде судья тәуелсіз және оған ешкімнің құқығы жоқ екендігі жазылған.

"Мұндай араласу болған жағдайда заңымызда шара қолданылатындығы көрсетілген. Бірақ, бұл заң әзірге әлсіз болып тұрған сияқты. Азаматтардың сөз бостандығын жақсы түсінеміз. Алайда, сөз бостандығын желеу қылып, судьялардың тәуелсіздігіне қол сұғуға болмайды", деді Айдос Сәдуақасов.

ҚР судьяларының VIII съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев судьялар бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан жиі қысымға ұшырайтындығын айтқан еді.