Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 20 қарашада Астанада өтетін Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезі жұмысына қатысады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Тәуелсіздік сарайында өтетін съезд барысында Қазақстан Президенті «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру аясында сот жүйесін одан әрі дамыту мәселелері жөнінде сөз сөйлейді және өткен V съезде айтылған міндеттердің іске асырылу нәтижесі қорытындыланады деп жоспарланған.