19 Қараша, 2013

Көңіл айту жеделхатын жолдады

508 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев КСРО-ның және Қазақ КСР-інің халық әртісі Ермек Серкебаевтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстары­на көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Прези­денттің баспасөз қызметі.

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев КСРО-ның және Қазақ КСР-інің халық әртісі Ермек Серкебаевтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстары­на көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Прези­денттің баспасөз қызметі.

Жеделхатта өз дара дауысы­ арқылы жастай танылған Ермек Серкебаевтың өмір бойы еліміздің басты өнер ордасы – Абай атын­дағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында жемісті ең­бек еткені атап өтілген.

«Дауысы қандай әсем болса, жаны да сондай сұлу оның орын­дауындағы қазақтың ха­лық әндері мен әлемдік опера туын­дыларындағы басты ария­лар тыңдаушылардың жанын әрдайым нұрға бөлейтін», – де­лін­ген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Ермек Серкебаевтың әлемнің көптеген елдері сахналарында өнер көрсету бақытына ие болып, халықаралық аудитория ықыласына бөленгенін атап өткен. Ол консерваторияда ұстаздық ете жүріп, кеңінен та­нымал болған көптеген шәкірт­тер де тәрбиеледі. КСРО, сон­дай-ақ, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес­терінің депутаты болып сайланды. Социалистік Еңбек Ері атағына ие болып, «Отан» орденімен марапатталды.

Қазақстан Президенті Ермек Серкебаевтың еңбегі еліміздің ән өнері тарихында, ал есімі халқымыздың жүрегінде әрдайым сақталатынына сенімін білдірген.

Соңғы жаңалықтар

Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19