"Кеше Президент Анджей Дуда коронавирусқа тест тапсырды. Өкінішке қарай оның нәтижесі оң шықты", - деп жазды Спихальский Twitter-де.
Баспасөз хатшысының айтуынша, қазір президент өзін жақсы сезінеді.
Польшада соңғы уақытта коронавирустық инфекцияның күрт өсуі және өлім жағдайлары байқалды. Жұма күні тағы бір тәуліктік рекорд тіркелді, 13 632 адам коронавирус жұқтырды.