Аймақтар • 25 Қазан, 2020

Түркістан облысының полицейлері карантин режимін сақтау бойынша іс-шаралар жүргізді

217 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері карантин режимін сақтау бойынша іс-шаралар жүргізді, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысының полицейлері карантин режимін сақтау бойынша іс-шаралар жүргізді

Бас санитарлық дәрігердің қаулысын орындау мақсатында Түркістан облысы ПД полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындардың карантин режимін сақтауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрады. Облыс аумағында құрамында полицейлер, СЭС және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бар мобильді топтар құрылды.

Атап айтар болсақ, карантин кезінде аудан тұрғындарының көшелерде белгілі уақыттарда ғана жүріп-тұруы керектігін, аса қажеттілік болмаса сыртқа шықпауды, адамдар көп шоғырланған жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауды түсіндірді. Сондай-ақ қоғамдық орындарда, базарларда, кафелерде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Арнайы көліктермен, көше-көшені аралап, қауіпсіздік шараларының, ара қашықтықтың сақталуын дауыс үдеткішпен ескертуде. Мәселен, Шардара ауданында аталған нысандарды тексеру кезінде тәртіп сақшылары карантин режимін бұзудың 12 жайтын  тіркеді, ал иелеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Мәселен, Шардара қаласындағы көшелердің бірінде полицейлер карантинге қарамастан келушілерге медициналық маскасыз қызмет көрсеткен дүкен сатушысын анықтады. Карантин режимін сақтау бойынша осыған ұқсас іс-шараларды аудандық полиция бөлімі мен атқарушы органдар қызметкерлерінен құрылған Сарыағаш АПБ  қызметкерлерінен жұмылдырылған топтары да жүргізуде.

Рейд барысында полиция қызметкерлері 4984 түрлі орындар мен мекемелерді, соның ішінде алаңдар, скверлер, сауда және ойын-сауық орталықтары, базарлар мен қоғамдық көлік, компьютерлік клубтар, кафелер мен мейрамханалар, сұлулық салондары, демалыс аймақтары және т.б. тексерді.​

Сонымен қатар тәртіп сақшылары тұрғындар арасында бетперде режимін және қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы, әсіресе 65 жастан асқан адамдарға және 14 жасқа дейінгі балаларға, аса қажеттіліксіз далаға шықпау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарға бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген шектеу шараларын сақтау жөніндегі нұсқаулықпен бірге 1445 үнпарақтар таратылды.​

Сарыағаш АПБ қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша барлығы 458 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Мәселен, күн сайын сағат 12:00-ден 01:00-ге дейін жұмыс істейтін мобильдік топтар Сарыағаш ауданы аумағында орналасқан бірнеше кафе мен дүкен иелеріне қатысты карантинді бұзу туралы әкімшілік хаттама толтырды. Тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін 697 тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20