Қоғам • 25 Қазан, 2020

Қазақстанға ұшып келген 34 жолаушыдан коронавирус індеті анықталды

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6 – 25 қазан аралығында халықаралық әуе рейстерімен Қазақстанға келген 34 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанға ұшып келген 34 жолаушыдан коронавирус індеті анықталды

"25 қазан күні түнде елімізге 11 халықаралық авиарейс ұшып келді. Барлығы 1483 жолаушының 1228-інде коронавирусқа тапсырған анализдерінің анықтамалары болған, Қазақстанның 255 азаматында ондай анықтама болған жоқ", деді С.Байғабылов.

Белгілі болғандай 11 авиарейс орындалған:

- төртеуі Нұр-Сұлтан қаласына, барлығы 434 жолаушы, оның 350-інде анықтама – бар, 84-інде – жоқ;

- алтауы Алматы қаласына, барлығы 939 жолаушы, оның 778-інде анықтама – бар, 161-інде – жоқ;

- біреуі Шымкент қаласына, 110 жолаушы, 100-інде анықтама – бар, 10-ында – жоқ.

Анықтамасыз үшып келген Қазақстан азаматтары ПТР-анализ тапсыру үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы карантиндік стационарларға жатқызылған. Жолаушылар Түркия, БАӘ, Украина және Беларусьтен келген.