Аймақтар • 26 Қазан, 2020

Қайнарда «street workout» ашылды

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күні Семей қаласына қарасты Қайнар ауылының балалары ала­қайлап қуанды. Қуанбағанда, орта­лықтан жырақ жатқан ауылда заман талабына сай «street workout» ашылды. Қарапайым тілмен айтсақ, ашық аспан астын­дағы спорт алаңы.

Қайнарда «street workout» ашылды

Суретті түсірген автор

Жер-жерлерде бұқаралық спортты дамыту туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында: «Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет» деген еді.

Ал Қайнар ауылының балаларына қуаныш сыйлаған абралылық соғыс ар­дагері Қайролла Базілбекұлының ұр­пақ­тары еді. Олар «Туған жерге тағ­зым» акция­сы аясында жас өрендерге саламатты өмір салтын ұстансын деген ниетпен спорт ала­ңын салып беруге үлкен үлестерін қосты.

– Ауылымызға қаладағыдай «street workout» салынғанына ризамыз. Балалар уақыттарын тиімді өткізу үшін жасалып жатқан мүмкіндік бұл. Бә­рімізге қуаныш сыйлаған демеу­шілер әулетіне рақметімді айтамын, – дейді мектеп оқу­шысы Нафиса Серікқалиева.

Қайнар ауылының орталық көшесінен ашылған спорт алаңына теннис үстелі, түрлі турниктер қойылды. Келесі жылдары «street workout» әлі де кеңейе түсетін көрінеді. 337 үйлі ауылда сонымен қа­тар футбол алаңы, мәдениет үйінің ішін­де тренажер залы бар. Волейбол, бас­кетбол жақсы дамып келеді. Жас жаттықтырушы Ернұр Алымжанұлы баскетболдан үйірме ұйымдастырып, келешек спортшыларды шынықтырып жүр. Алдағы уақытта күрестен де секция ашылуы мүмкін.

 

Шығыс Қазақстан облысы

Қайнар ауылы