Қазақстан • 26 Қазан, 2020

Журналистерді аккредиттеу қағидаларына қандай өзгеріс енгізілді?

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Журналистерді аккредиттеу қағидалары бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі бұйрығының жобасын  әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Журналистерді аккредиттеу қағидаларына қандай өзгеріс енгізілді?

Бүгінгі таңда журналистерді аккредиттеудің қолданыстағы ережелері бұл процедураның нақты және жеңілдетілген механизмін толық қамтамасыз етпейді.

Әзірленген ереже жобасы медиа-қоғамдастықтың ұсыныстарын ескере отырып әзірленген бірқатар тұжырымдамалық ұсыныстар мен жаңалықтарды қамтиды:

  • БАҚ меншік иесінің немесе редакторының қалауы бойынша тұрақты аккредиттеу мерзімдерін айқындау (1 жылдан кем емес) (бұл шара журналистерді аккредиттеу кезінде икемділікті қамтамасыз ету және белгілі бір БАҚ-қа қатысты жағымсыз жағдайлар туғызуы мүмкін жағдайлардың туындау мүмкіндігін болғызбау қажеттілігімен негізделген);
  • нақты редакциялық тапсырманы орындау үшін уақытша аккредиттелген журналист ауырған, демалыста, іссапарда болған не нақты іс-шара жарияланған жағдайда оны ауыстыру үшін қажетті уақытша аккредиттеуді енгізу;
  • құжаттар пакетін 4-тен 2-ге дейін қысқарту;
  • өтінішті қарау және ол бойынша шешім қабылдау мерзімін 7 жұмыс күнінен 3 жұмыс күніне дейін қысқарту;
  • журналистерді аккредиттеу кезінде мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың заңсыз әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағым жасау жөніндегі ережелерді көздеуге құқығы бар.

Жария талқылау жүргізу мақсатында жоба 2020 жылғы 26 қазанда "Ашық НҚА" интернет-порталында орналастырылған (мына сілтеме бойынша өтуге болады)