Спорт • 26 Қазан, 2020

"Астананың" велошабандозы Испания "Вуэльтасында" топ жарды

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Пирней түбегінде өтіп жатқан «Испания Вуэльтасы» көпкүндігінің алтыншы кезеңі жергілікті велошабандоз Йон Исагирренің жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz

"Астананың" велошабандозы Испания "Вуэльтасында" топ жарды

«Астана» клубы сапында өнер көрсетіп жүрген айтулы спортшы 146,4 шақырымдық қашықтықты 3 сағат 41 минутта жүріп өтті. Екінші және үшінші орындарды өзара бөліскен канадалық Майкл Вудс («EF Pro Cycling») пен португалиялық Руй Кошта («UAE Team Emirates») жеңімпаздан небары 25 секунд қана қалып қойды. Алтыншы кезеңнен кейін жалпы есепте эквадорлық Ричард Карапас («Ineos Grenadiers») алға шықты. Оның уақыты – 24 сағат, 34 минут және 39 секунд. Ұлыбританиялық Хью Джон Карти («EF Pro Cycling», +18 секунд) екінші орынға көтерілсе, ирландиялық Дэниел Мартин («Israel Start-Up Nation», +20 секунд) үшінші сатыға жайғасты. Ал осыған дейін жеке-дара көш бастап тұрған словениялық Примож Роглич («Jumbo-Visma», +30 секунд) төртінші орынға сырғып түсті. 

 Бүгін «Испания Вуэльтасының» жетінші кезеңі өтеді. Витория-Гастейс пен Виллануэва-де-Вальдеговия өңірлері арасын қамтитын қашықтық 159,7 шақырымды құрайды.