"Жаңа қаулыға сәйкес Атырау мен Ақтауда Kinoplexx ашуға рұқсат етілді. Бұл екі қалаға 26 қазаннан бастап санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтай отырып, 30 пайыз отырғызумен жұмыс істеуге ресми түрде рұқсат етілген", деді Kinopark-Kinoplexx компаниясының PR-директоры.
Ерлан Бұхарбаев билет құны 1000-нан 3000 теңгеге дейін екенін айтты.
Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтанда өткен аптадағы коронавирус көрсеткіші алдыңғы аптадағы көрсеткіштен асады. Сондықтан кинотеатрлар әзірше жұмыс істемейді.