Будапеште сарапқа салынған жеті бас жүлденің бесеуін ресейліктер иеленді. Олар – Яго Абуладзе (60 кило), Абдулла Абдулжалилов (66 кило), Михаил Игольников (90 кило), Нияз Ілиясов (100 кило) және Инал Тасоев (+100 кило). Қалған қос алтынды әзірбайжандық Рустам Оруджев (73 кило) пен түркиялық Ведат Әлбайрақ (81 кило) олжалады.
Әйелдер сайысына Францияның өкілдері – Амандин Бюшар (52 кило) мен Одри Чёмео (78 кило) қарсылас шақ келтірмеді. Сондай-ақ, косовалық Дистрия Красники (48 кило), канадалық Джессика Климкайт (57 кило), словениялық Тина Трестняк (63 кило), ховатиялық Барбара Матич (70 кило) және түркиялық Сайит Кайра (+78 кило) алтыннан алқа тағынды.
Өкінішке қарай, осы жарысқа қатысқан Қазақстанның барлық балуандары тегістей ұтылды. Ең сорақысы, солардың дені алғашқы кезеңдерде сүрінді.