"Бүгінгі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің №58 Қаулысына сәйкес елдегі эпидемиологиялық жағдай ескеріліп, Алматыда кинозалдардың ашылуына рұқсат берді. Ол бүгін 26 қазаннан бастап жүзеге асырылады. Сондай-ақ кинотеатр әкімшілігі infokazakhstan.kz сайтынан тіркеуден өтуі тиіс. Медициналық маска тағу тәртібі мен әлеуметтік арақашықтық сақталуы керек. Залда отыру шахмат түрінде ұйымдастырлуы шарт", деді Жандарбек Бекшин.
Сонымен қатар ол залдың 30 пайызынан аспаған жағдайда, кино көруге мүмкіндік берілгенін айтты.
Айта кетейік, бүгін Атырау мен Ақтауда кинотеатрлар ашылды.