Елорда • 26 Қазан, 2020

Жәңгірдің он бір досы⠀

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің еріктілері елордадағы балалар үйінің және SOS балалар ауылының тәрбиеленушілерімен кездесіп, гитарада ойнауға үйретіп, сыйлықтарын табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz

Жәңгірдің он бір досы⠀

Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы  Жәңгір Мұрат "Волонтерлік жобаларды қолдау" байқауында грант жеңіп алған болатын. Карантин уақытында зияткер аз қамтылған отбасылардың балалары мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тегін гитарада ойнау сабақтары мен ағылшын тілі курстарын жүргізген.⠀

Байқаудан соң Жәңгір жанына Сұлтан Мұратбек, Жақсылық Жеңіс  және өзге де ниеттес, пікірлес достары қосылған еріктілер тобын құрды. Бүгінде олардың қатары он бірге жетті. ⠀

– Еріктілердің жеке жобасына емес, қоғамға пайдалы болуына мән берілген байқау аясында белсенді жастармен бірге балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап тегін гитара үйірмесі өткізіледі. Одан бөлек үйірменің кестесіне сай ZOOM платформасында ағылшын тілінен де дәрістер жүргізіледі. Келесі жылы басқа да үйірмелерді ашуға өз тарапымыздан қолғабыс тигізетін боламыз, дейді Жастар саясаты басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек.⠀

– Біздің алдағы мақсатымыз – әртүрлі мектептерден оқушылар жинап, белсенді еріктілер тобының жұмысын қала деңгейінде біріктіру, дейді НЗМ оқушылары.⠀