Астананың айналасындағы елді мекендер көрікті болуға тиіс. Үкімет басшысы Серік Ахметов кеше бұл талаптың 30 шақырымдық аумақ белдеуіндегі ауылдардың проблемаларымен қатар, оларға үлкен мүмкіндіктер әлеуетін беретінін мәлімдеді.
Астананың айналасындағы елді мекендер көрікті болуға тиіс. Үкімет басшысы Серік Ахметов кеше бұл талаптың 30 шақырымдық аумақ белдеуіндегі ауылдардың проблемаларымен қатар, оларға үлкен мүмкіндіктер әлеуетін беретінін мәлімдеді.
Биыл «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 216 ауыл сумен қамтамасыз етіледі. Осы бағытта жерасты суларын іздестіру-барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал келер жылғы осындай жұмыстар үшін 9,2 млрд. теңге бөлінген.
Шығыс Қазақстанда Тұңғыш Президент күніне арналған тақырыптық онкүндік басталды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастамашы болып отырған онкүндік аясында 600-ге жуық іс-шара атқарылады. Бүгін Шемонаиха қаласында қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен «Бір Отан, бір тіл – бір ел» форумы өтеді.
Маңғыстау облысында жыл соңына дейін екі өндіріс орнының жобасы аяқталады. Облыс әкімі Алик Айдарбаев «Каспий битум» және «Каспий цемент» зауыттары деп аталатын бұл құрылымдардың 600 тұрақты жұмыс орнын тауып беретінін жеткізді.
Атырауда жерасты қазынасын ашқан ғалым Билал Хахаевтың 80 жылдығы аталып өтті. Республикада қызмет еткен жылдарында мұнай-газ, геология, барлау, өндіру салаларына қатысты бірнеше кәсіпорынды біріктіріп, қуатты ұжымға айналдырған тұлғаны облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қабылдап, лайықты құрмет көрсетті. Той салтанаты Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында жалғасты.
Қызылорда қаласына қарасты Ақжарма ауылында 10 жас маманға жаңа пәтер кілттері табыс етілді. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша жүзеге асқан шараның соңында қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бұл елді мекенде биыл бюджет есебінен мұнда 735 метр жолдың орташа жөндеуден өткенін де мәлімдеді.
Ақмола облысында ауылды таңдаған әрбір жасқа жағдай жасалады. Кеше Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде оқу орнын алдағы жылы бітіретін студенттермен кездескен облыс әкімі Қосман Айтмұхаметов осыны айтты.
«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Nur.kz, Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.