Қоғам • 27 Қазан, 2020

Жатақханалар тексерістен өтіп жатыр

456 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл жасотандық белсенділер ақпан айында еліміздің барлық облысындағы 270-тен астам жоғары оқу орны мен 375 колледждін жатақханаларын тексеруді бастаған-ды.

Жатақханалар тексерістен өтіп жатыр

Мониторинг нәтижесінде, 60-тан астам жатақханада түрлі кемшіліктер анықталды. Олардың арасында жиі кез­десетіндері: санитарлық норма­лардың сақталмауы, өрт қауіпсіз­дігі ша­раларының бұзылуы, жатақха­налардағы бөлмелерде студенттердің шамадан тыс көп екендігі.

Jas Otan ЖҚ жетекшісі Елнұр Бейсенбаев атап өткендей, қазіргі жағ­дайда студенттердің онлайн форматта оқығанына қарамастан, жатақханаға қатысты проблемалар өзектілігін жойған жоқ.

«Арман қуып келген ауыл жастары үшін жатақхана – екінші үй. Сондықтан студенттердің қолайлы өмір сүруі үшін ең жақсы жағдай жасалуы керек. Студенттер үйінде тұратын проблемалары бар кез келген студент бізге хабарласа алады. Сондай-ақ студенттердің арасынан жас көшбасшыларды осы акцияға қатысуға шақырамын», деді Елнұр Бейсенбаев.

Тексерістің бірінші легі Шығыс Қазақ­стан, Солтүстік Қазақстан, Маң­ғыстау, Қызылорда, Павлодар, Атырау, Ақмола облыстарында өтті. Жылдың басында бастау алған мониторинг елдегі жатақхана жайынан толық ақпарат берді.

Мәселен, өткен жылы Ақтау қала­сындағы Х.Өзбекғалиев атындағы политехникалық колледжінің №5 жатақханасында бірқатар  кемшілік анықталып, ескерту берілген. Биылғы оқу жылында «Жол картасы» аясында аталған нысанда күрделі жөндеу жүргізіліп, жатақхананың материалдық қоры жаңартылды. Жөнделген жатақ­ханада қазір вай-фай, бақылау ка­мералары, кір жуатын бөлмелер, оқу және демалыс бөлмелері бар. Сон­дай-ақ мемлекет-жекеменшік әріп­тестік аясында жергілікті кәсіпкер Шам­ша­дин Гусейнов бос қалған жатақ­хананы жөндеп, студенттерге жаңа 180 орын ұсынды. Нысан иесі жақын арада жатақхана алдында студенттерге арналған спорт залын салуды жоспар­лап отыр. Бірақ жер учаскесінің құ­жат­тарымен мәселе туындап тұрған кө­рінеді. Нысан иесі жауапты адамдардан бұл мәселені шешуге жәрдем сұрауда.

Жатақханаларға мониторинг елі­міздің өзге де өңірлерінде жалғасын тауып, қазан айынын соңына дейін созылады.