Сіз, махаббат сағызын шайнап па едіңіз?.. Қалайша?.. Өткен ғасырдың эластикті ретро дәмі есіңізде жоқ па?.. Сыртында «Love is...» деген жазуы бар сүп-сүйкімді созылмалы тәтті ше? Тік төртбұрышты келген, қызғылт өңді борықтай жұмсақ зат. Сол уақытта серінің әтіріндей хош иіс төгіп, ерке-сылқымды естен тандырған өрнекті өнім. Бозбала біткен сүйгеніне сыйға беріп, сол арқылы сезімін де жеткізген. Иә-иә, ұяң жігіттің риясыз пейілінің дәнекері десеңіз де болады. Мұндағы қызық сағызда емес, оның қорабындағы сиқырлы суреттерде болып отыр ғой. Біздің де әңгімеміздің сорабы сол еді, негізі.
Сағыз жайлы сөз қаузай қалсақ, ертедегі «Ералаштан» естіген әйгілі әңгіме ойымызға оралады. Бала тілі бал ғой, шіркін! «Nike не Adidas-тың киімі болмаса, құр сағызға Отанымды сата алмаймын» демеуші ме еді? Балдырғанды тәттімен алдап, шекарадан өтуге оқталған қарақшы осылайша өз қулығына өзі түсетін. Шынында, жеуге жарамсыз тәтті ойын баласының алданышы ғана. Бірақ онда қаншама естелік бар. Сол заманда сағызға деген сұраныс сұрапыл еді. Таңдайы кепкенше таңнан кешке дейін шайнап, үлпілдетіп үрлеп, шар жасап ойнайтын кішкентай бұзықтардың әрекеті әлі де жадымызда. Алақанына жасырып, қай қолында екенін тапқанша сұлуға сыр алдырмайтын бозбаланың жүрек лүпілін айтсаңызшы!?
Жүрек лүпілі дегеннен шығады, «Love is...» сүйкімді комикстерінде үлкен махаббат оқиғасы бұғынып жатыр. Қағаздағы әсерлі бейнелер суретшінің сүйген жарына арналғанын біреу білсе, біреу білмес. Сүйіспеншілік, адалдық және жоғалту тақырыбындағы қысқа мәтінді суреттер сериясы. Ғашықтық хаттарға ұласқан мөп-мөлдір махаббат миниатюралары.
«Love is...» бұл Жаңа Зеландия елінің тумасы, анимация суретшісі Ким Касалидің туындысы. Ол бала күнінен саяхаттағанды ерекше жақсы көрген екен. 19-ға толған шағында арманшыл бойжеткен ақыры үйінен ұзап, жиһангерлік жолға түседі. Жер шарын толық аралауды мақсат еткен қиялшыл қыз араға алты жыл салып, Калифорнияға тұрақтайды. Тағдырға жазғаны шығар, сол әсем шаһардан италиялық азамат Роберто Касалимен кездеседі. Америкаға жаңа қоныс аударған суретші дүниені шыр айналып таппаған бақытын сол қаладан жолықтырыпты. Қызығы, жігітті бір көргеннен ұнатып қалады. Дегенмен табиғатынан биязы бойжеткен ғашықтық ниетін сол сәтте білдірудің ретін таппайды-мыс. Міне, бұл рай алапат сезімнің арбауына түскен аруға асқақ шабыт сыйлап, өмірге керемет комикстерді әкелуіне септігін тигізеді. Ақынның жұбанышы өлең болса, суретшінің көңілге сүйеніші картина емес пе? Ендеше, сұлудың сағыныш хаттары жүрек толқытпасына кім кепіл!?
Сонымен Ким шағын салфеткаларға топ-томпақ қыз бен жігіттің қарым-қатынасын бейнелей бастайды. Ешқандай бояусыз кескіндемелер тек екі кейіпкердің өмірінен сыр шертіп, әр түрлі эмоциялармен әдіптеледі. «Мен өзімнің балаң сезімімді білдіру үшін ықшамдалған эскиздер жасадым. Бұл менің сезімімнің күшін сипаттайтын эмоциялардың күнделігін жүргізу сияқты болды. Алдымен қызға айналған тамшыны салдым. Ол, әрине мен! Ондағы қыз менің ғажайып сезімімді бастан өткерген адам. Артынан тағы бір тамшы салдым. Ол – осы сезімге себеп болған бала», дейді автор естелігінде.
«Ғашықтың тілі – тілсіз тіл» дегендей Роберто суретші сұлуға сөз салуға бата алмай, көңілін құпия ұстауға тырысады. Алайда Ким жолдаған комикстерді көргенде кездесуге асығыпты. Махаббат өртіне күйген екі жас осылайша отау құрады. Екеуі ырымдап Кимнің ата-анасы үйленген шіркеуде некелеседі. Жас қалыңдық той көйлегімен қоса, басына түймедақтан тәж жасап киіпті. Кейін бұл сәт оның комикстерінде де көрініс тапқан.
Роберто әйелінің өнеріне таң-тамаша болып, шығармашылығын насихаттауға кіріседі. Сөйтіп 1970 жылы 5 қаңтарда тұңғыш рет «Los Angeles Times» газетінде суреттер жарияланады. Комиксте бала қызды «Ким» деп атаса, қыз құмға «Р» әріпін бейнелеген. Онысы Роберто есімінің бірінші қаріпін меңзегені.
Иә, махаббат комикстерінің бірден танымал болғаны соншалық, ерлі-зайыптылар Minikim корпорациясын құрады. Онда Роберто менеджер болып қызмет атқарады. Суреттер тек журналдарда ғана емес, күнтізбелерде, плакаттарда, кружкаларда, футболкаларда басыла бастайды. Тіпті Ким Касалидің жылдық табысы 5 миллион фунт стерлингті құраған. Ал «Love is...» өнімі әлемнің 50 еліне сапар шегіп, брендке айналады. Махаббаттың құдірет күші әлдилесе, дәл осылай әлдилесін адамзатты.
Ким өзін ешқашан нағыз суретшімін деп санамаған. 1981 жылы берген сұхбатында: «Егер менің таңдауым болса, романтикалық әндердің авторы болар едім. Махаббат әндері маған қатты әсер етеді. Әттеген-айы, әдемі жаза алмаймын, сондықтан өз сезімімді білдірудің басқа әдісін таңдауым керек болды», дейді ағынан жарылып.
Махаббат дастанының кейіпкерлері қарым-қатынастың әр түрлі кезеңдерінен өтеді. Танысудан бастап ерлі-зайыпты болғанға дейінгі мерейлі мезеттердің барлығы ұштасқан. Ол – ол ма, кейіпкерлердің бірінің қайтыс болуына дейін көрсетілген. Оған себеп – 1975 жылы Робертоға дәрігерлер тексерісінен кейін, «қатерлі ісік» диагнозы қойылуы. Ойда жоқта келген індет Кимге үлкен соққы болып тиеді. «Әкем менің жас кезімде қайтыс болды, сондықтан Роберто тұрмысқа шығуымды өтінгенде: « Не істесең де, мен үшін ұзақ өмір сүрші» дедім. Ол күліп, тырысып көремін деп уәде берді», дейді суретші қолжазбасында.
Өкінішке қарай Роберто уәдесінде тұра алмайды. Кимнің бақыты ұзаққа созылмады. Ол сүйіктісіне көбірек уақыт бөлу үшін комикстермен жұмыс істеуді тоқтата тұруға мәжбүр болады. Бірақ суретші жарымен табыстырған комикстерден бас тартуды мүлдем ойлаған жоқ. Берекелі ісін ағылшын мультипликаторы Билл Асприге әрі қарай жалғастыруды өтінеді. Биллдің қылқаламынан туған түрлі-түсті комикстерді кейін Ресей, Түркия және Украина суретшілері іліп әкетті.
Англияға қоныс аударған соң Роберто Касали 31 жасында дүниеден озады. Ал комикстерде тек қыз бен екеуі бірге отырған тұғыр ғана қалады. Оқырмандар мұны жақсы түсінген. Орны толмас қайғының артынан қуаныш үйіліп, Ким көп ұзамай сәбилі болады. Британдық газеттер нәрестеге «Керемет нәресте» деп айдар тағып, мадақтама мақалалар жазады.
Күйеуінің қазасынан кейін Ким өнерден қол үзіп кеткен жоқ. Бар уақытын балаларының тәрбиесі мен шығармашылығына арнады. Алайда ол да жаман ауруға душар болып, 55 жасында бақиға аттанады. Отбасылық бизнеске үлкен ұлы Стефано ие болады. Билл Аспри келісімшарт бойынша Кимнің қолтаңбасымен, «Love is...» хикаясын әрі қарай жалғастырады. Жылдар алмасып, бірте-бірте Ким мен Робертоның махаббат тарихы ұмытыла бастайды. Енді сегіз тілде сөйлеген комикстер жас ғашықтардың ізгі лебізіне ұласып, махаббат символына айналып шыға келеді.
1990 жылы «Love is...» сағызы Түркия мен Ресейде өндіріле бастады. Ондағы компаниялар Кимнің идеясын негізге алып, тәтті өнімді махаббат афоризмдеріне толы қорапқа қаптап, экспортқа шығарды. Қораптағы әртүрлі комикстер қыз бен жігіттің жүрек сөзіндей әсерлі мөлтек мәтінге толы. Тауардың өтімділігін арттырып тұрған Ким негізін қалап кеткен сүйкімді комикстер екені кейіннен әлемге мәшһүр болды.
Міне, талай мәрте романтикалық кештердің сәніне айналған сағыздың шығу тарихы осындай. Сіз де махаббат сағызын шайнаған боларсыз? Есіңізге түсіріп көріңізші?
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қазақстан • Бүгін, 22:45
Өнер • Бүгін, 22:05
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Бүгін, 21:27
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Бүгін, 21:16
Нигерияда бандалар ұрлаған 300-ден астам мектеп оқушысы босатылды
Әлем • Бүгін, 20:40
Ақмола облысы: Экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі жол картасына өзгеріс енгізіледі
Аймақтар • Бүгін, 19:50
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Бүгін, 19:20
Бельгияда коронавирустың «үшінші» толқыны туралы айта бастады
Әлем • Бүгін, 18:50
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Бүгін, 18:00
Ақмолада сотталғандар кездесудің орнына екі сағаттық бейнебайланысқа шығады
Аймақтар • Бүгін, 17:14
«Канело» мен Йылдырым титулдық жекпе-жек үшін қанша гонорар алды?
Спорт • Бүгін, 16:27
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Бүгін, 16:00
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 15:07
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Бүгін, 14:34
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Бүгін, 14:02
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Этномәдени бірлестік өкілдері Сәбит Мұқанов саябағына ағаш отырғызды
Аймақтар • Бүгін, 13:17
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Бүгін, 12:40
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Бүгін, 12:25
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Бүгін, 11:21
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Бүгін, 10:44
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Бүгін, 10:41
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Бүгін, 09:58
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:26
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар