Президент • 27 Қазан, 2020

Президент Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Әділет министрі Марат Бекетаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа минис­тр­л­іктің биылғы 9 ай ішінде атқарған жұмыстарының нәтижелері жөнінде есеп берілді. 

Әділет министрі Мемлекет бас­шы­сына коронавирус пандемия­сымен күрес жұмыстарының жүргі­зілуі, соның ішінде, бірқатар заң жо­ба­ларының әзірлену барысы, олар­дың құқықтық сараптамасы мен Пар­ламентте қаралуы туралы баяндады.

Марат Бекетаев Президентке биылғы наурыз-мамыр айларында енгізілген төтенше жағдай режіміне байланысты құқықтық мәселелерді түсіндіру жұмыстары жайында айтты. Осы ретте, адвокаттар мен заң жөнінде кеңес берушілердің үздіксіз қызметі қамтамасыз етілген, сот орындаушыларының жұмысы уақытша тоқтатылған. Төтенше жағдай режімі аяқталғаннан кейін барлық сот орындаушыларының жұмысы азаматтардың құқығын қорғауға, атап айтқанда, алименттерді өндіруге және еңбекақы төлемін қамтамасыз етуге бағытталды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот сараптамасы орган­дарының жұмысын жетілдіру жөнінде мәлімет берілді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы министрге азаматтардың құқық­тарын қорғауға, нормативтік актілерді шығару қызметінің сапасын арттыруға, жаңа заңдарды және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді дайындау жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруге қатысты бірқатар тапсырма берді.