Медицина • 27 Қазан, 2020

Бастапқы медициналық-санитарлық көмекке арналады

264 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2020 жылғы 27-28 қазан аралығында Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасының «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығы «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-пен бірлесіп, ДДҰ медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету бойынша еуропалық орталығының қатысуымен МСАК жөніндегі Алматы декларациясының 42 жылдығына, академик Төрегелді Шармановтың 90 жасқа толуына және Қарағанды медицина университетінің 70 жылдығына арналған «COVID-19 – МСАК үшін үлкен сабақ» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Бастапқы медициналық-санитарлық көмекке арналады

Форум посткеңестік кеңіс­тік­тегі елдердің денсаулық сақтау ж­үй­есінің, алғашқы медициналық кө­мек­­тің пандемия кезіндегі жұ­мы­с­ын­ың қорытындысына арнал­ған ауқымды іс-шараның бірі болмақ.

Конференцияға еліміздің Мем­лекеттік хатшысы Қ.Көшер­баев, Денсаулық сақтау ми­нистрі А.Цой, ДДҰ-ның МСАК жөнін­дегі Еуропалық орталы­ғының басшысы Мелитта Якаб, ДДҰ-ның Қазақстандағы офисі­нің, Шығыс Еуропа мен Орта­лық Азия елдерінің үздік халық­аралық сарапшылары қатысады. Сондай-ақ денсаулық сақтау  саласы басшылары мен Қазақ­станның барлық өңірі­нен ұлттық сарапшылар, об­лыс­­тардың, респуб­ли­калық ма­ңы­зы бар қалалар­дың денсау­лық сақтау басқарма­лары­ның, Әлеу­меттік медициналық сақ­тан­дыру қорының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де қатысады.

Конференция алаңдарында отандық және шетелдік сарапшылар COVID-19 пандемиясымен күрес бойынша пікір алмасады.

Литва Республикасының ден­сау­лық сақтау министрі, Гру­зия­ның еңбек, денсаулық сақ­­тау және әлеуметтік қор­ғау министрінің бірінші орын­­басары, «Роспотребнадзор» директорының орынбасары, Ук­раи­наның ұлттық денсаулық сақтау қызметінің директоры, Тәжікстан Республикасының ден­саулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің МСАК реформалары және халық­аралық қатынастар басқар­масы­ның бастығы, Өзбекстан Рес­пуб­­ликасының МСАК жөнін­дегі ұлттық үйлестірушісі, Әзер­бай­жан Республикасы министрлер кабинеті жанындағы міндетті медициналық сақтандыру мем­лекеттік агенттігінің халық­ара­лық ынтымақтастық жөнін­дегі бөлімінің бастығы, Мол­дова мемлекеттік медицина универ­ситетінің профессоры және форумның басқа да қатысушы­лары өз тәжірибесімен бөліседі.

Халықаралық конференция бағ­дарламасы барысында қаты­су­­шылар қазақстандық меди­ци­­на­ның майталманы, әлемге әй­гілі ғалым, академик Төре­гел­ді Шармановты 90 жасқа толуымен  құт­тық­тай отырып, еліміз­дегі же­тек­ші жоғары оқу орындары­ның бірі – Қарағанды медицина универ­ситетінің 70 жылдығын атап өтпек.

Форумның басты тақырыбы – Қазақстанның МСАК бойынша тәжірибесі: COVID-19 пандемиясы кезіндегі тәжірибе мен шешімдер және Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы шеңберіндегі МСАК дамыту стратегиясы.

Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемге алғашқы медици­налық-санитарлық көмектің маңызды екенін тағы да дәлелдеді. Адамзат азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтаудағы МСАК-тың рөлін айқындап берген Алматы декларациясының негізгі қағидаттарын мұқият орын­даған жағдайда ғана коронавирус сияқты инфекциялық қауіптерді жеңуге болатынына тағы да көз жеткізді.

Конференция жұмысы аяқтал­ғаннан кейін қорытынды құ­жат дайындалады. Мақсаты – Дү­ние­жүзілік денсаулық сақтау ұйы­мының қолдауымен COVID-19 пандемиясына қарсы күресте мем­лекеттердің денсаулық сақ­тау жүйесін біріктіру, жаңа инфек­­циялық агрессия кезінде прак­тикадан пайдалану үшін халықаралық сарапшылардың ұсыныстарын әзірлеу.