Қоғам • 27 Қазан, 2020

Айына 400 мың дана бетперде тігеді

309 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Пандемия кезінде таптырмас заттардың бірі қорғаныш құралдары болды. Алматы облысында аталған жабдықтарды шығаратын цех жұмыс істейді. Кәсіпорын атауы – «Техно Авиа Груп» ЖШС. Сәуір айында облыс орталығы Талдықорған қаласынан ашылған еді. Енді өрістері кеңейіп, Текелі қаласынан орын теуіп отыр.

Айына 400 мың дана бетперде тігеді

Тігін цехы бір реттік меди­циналық бетперделер, халаттар, комбинезондар және басқа да арнайы киімдер шыға­рады. Аталған серіктестік фи­лиалының басшысы Жарыл­қасын Болат­ұлының айтуын­ша, цехтың алып жатқан аумағы 350 шаршы метрді құрайды. Бүгінде өндіріс орны 50 жоғары жылдамдықты, 10 арнайы өндірістік тігін машиналарымен қамтамасыз етілген. Жұмыс орнында 70 адам еңбек етеді. Қызметкерлер екі ауысымда жұмыс істейді. Алғашқы елуі күндіз, қалған жиырма тігінші кешке қызметіне кірседі.

Қадамын енді басқан кәсіп­орынның ғұмыры ұзақ болары сөзсіз. Алғашқы кезеңнен бас­тап күніне 18-20 мың дана, айына 400 мың дана бетперде тігіп отыр. Сонымен қатар айына 35 мыңға жуық халат шығарады. Бұл жоспарды іске асыру үшін 19 млн теңге қаржы бөлінген. Істің алға басуына мін­детті түрде жүйе керек. Осы тұрғысында өндіріс орны еш­кімнен қалыспайды. Барлық әрекеті мен бағдары алдын ала дайындалған. Яғни қолға алған істерінде реттілік бар.

Цех басшылығының жос­парына сәйкес жұмыс кестесі толық әзірленген.

Кәсіпорын тамыз айынан бас­­тап жеке компанияларға, яғни мұнай, энергетика сала­сын­дағы өндіріс орындары үшін арнайы киім әзірлей бастаған.

Жауапты тұлғалар кәсіп­орын жұмысының әлеуметтік сипатына үлкен мән беруде. Сондықтан цех қызметкерлері үшін Текелі қаласы бойынша тасымалдау және тегін түскі ас қарастырылған.