Қоғам • 27 Қазан, 2020

Үш өңірдің халқы 100% орталықтандырылған сумен қамтылған

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3 өңірде, атап айтқанда Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында қала халқы 100% орталықтандырылған сумен қамтылған. Бұл туралы Үкімет отырысында ИИДМ басшылығы айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Үш өңірдің халқы 100% орталықтандырылған сумен қамтылған

Алматы, Атырау және Қызылорда облыстарында ауылдық жерлерде сумен жабдықтау деңгейі төмен. Бұл ретте жекелеген өңірлер артта қалып отыр. Ауыз сумен қамту деңгейі Қостанай, Жамбыл және Павлодар облыстарында төмен. Сумен қамтамасыз етудің әлеуметтік маңызы зор.

Мемлекет басшысы таза ауыз суға қол жеткізу деңгейін барлық өңірде теңестіру қажеттігін бірнеше рет атап көрсетті.

"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында ауылдарды сапалы және қажетті мөлшерде сумен жабдықтау қызметімен кезең-кезеңмен қамту жөнінде жоспар әзірленді.

Сондықтан өңірлер халықты сумен қамтамасыз ету үшін осы жоспарды кейінге қалдырмай, тиімді шаралар қабылдауы керек.

Елбасының бастамасымен елімізде қазір "Ауыл-Ел бесігі" бағдарламасы іске асырылуда. Ауылдарды сумен жабдықтау жүйесін дамыту осы бағдарламамен үйлестірілген. Қазір республика бойынша барлығы 6341 ауыл бар. Оның ішінде 4078 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталған. 279 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылған.

1146 ауылда орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі салынып жатыр. Халық саны аз ауылдарда өз елімізде өндірілген су тазартатын кешенді блок-модульдер орнатылады.