Қазақстан • 27 Қазан, 2020

Асқар Мамин Қазақстан-Америка Іскерлік кеңесінің жұмысын бастап берді

9 рет көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин  мен АҚШ сауда министрі У. Росс АҚШ Сауда палатасының жанындағы Қазақстан-Америка Іскерлік кеңесінің онлайн ашылу рәсіміне қатысты.

Үкімет басшысы Америка Құрама Штаттары Қазақстанның ірі экономикалық, сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. ҚР тәуелсіздік алған жылдары АҚШ-тан Қазақстанға тікелей инвестициялар ағыны $53 млрд-тан немесе тартылған шетелдік капиталдың жалпы көлемінің 15%-ынан асты.

Американың жетекші компанияларының көп бөлігі ҚР экономикасының машина жасау, химия, құрылыс, IT және агроөнеркәсіп, тау-кен металлургиясы және мұнай-газ секторларында жұмыс істейді.

Премьер-Министр Қазақстан экономикасының қалпына келтіру бағытына шығуына орай әлем нарықтарындағы қазіргі дағдарыс аясында Үкіметтің ҚР-ға америкалық өндірістерді тарту бойынша жұмыстарды күшейтуге ниетті екенін жеткізді.

Үкімет басшысы нақты сектордың тұрақтылығының жоғары деңгейі аясында Қазақстан экономикасының біршата бәсекеге қабілеттілігінің артқанын атап өтті.

Ұлттық экономиканың тұрақтылығын жетекші халықаралық несие агенттіктері бағалады. Moody’s, Fitch және S&P мемлекеттік қарыздың төмендігін, фискалды жүйенің тұрақтылығын, Үкімет қабылдап жатқан дағдарысқа қарсы шаралардың тиімділігін атап өтті.

Премьер-Министр Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары, шетелдік капиталды тартуға таргеттелген тәсіл және инвестициялық ахуалды одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы айтты

"Инвестициялар тарту біздің жаңа экономикалық моделіміз үшін аса маңызды. Жаңа шаралар ҚР инвестициялық ахуалына әлемнің аса бәсекеге қабілетті экономикаларына сай келуге мүмкіндік береді", - деді А.Мамин.

Өз кезегінде рәсімде сөз сөйлеген АҚШ сауда министрі У. Росс, АҚШ Сауда палатасының президенті Т. Донахью және Chevron компаниясының бас атқарушы директоры М. Вирт Қазақстан-Америка Іскерлік кеңесінің құрылуымен елдер арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың сапалы жаңа деңгейге шығатынын атап өтті. Бұл ретте, америкалық бизнес үшін қазақстандық экономиканың тұрақтылығы мен тартымдылығы атап өтілді.

Телекөпір режиміндегі іс-шараға жетекші америкалық компаниялардың – Chevron, GE, Shell, J.P.Morgan Chase, Princeton Healthcare Alliance, Pfizer, Tyson Foods, IBM, Oracle, Facebook, Google, DuPont Pioneer және басқа да кәсіпорындардың 100-ден астам өкілдері,  АҚШ Мемлекеттік департаментінің, ҚР Үкіметінің мүшелері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ҚР ұлттық компаниялары мен даму қорларының басшылары, ҚР-ның АҚШ-тағы елшілері Е. Қазыханов және АҚШ-тың ҚР-дағы елшісі У. Мозер қатысты.

АҚШ Сауда палатасы жанындағы Қазақстан-Америка Іскерлік кеңесі (USKZBC) Қазақстанда коммерциялық қызмет жүргізетін америкалық компанияларды біріктіреді. Іскерлік кеңестің төрағасы болып Chevron компаниясының бас атқарушы директоры М. Вирт сайланды.

Соңғы жаңалықтар

Kazakh Tourism Safe Travels белгісін алды

Туризм • Бүгін, 07:00

Түбітсіз терек

Қоғам • Бүгін, 06:56

Он бір ауылға газ жетті

Экономика • Бүгін, 06:29

Мектеп жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 06:27

Малды жаңаша бағатын қожалық

Экономика • Бүгін, 06:25

Қазталов деген аудан бар

Аймақтар • Бүгін, 06:24

Ластанған жерді дронмен табады

Технология • Бүгін, 06:18

Жоспар жақсы, үміт мол

Аймақтар • Бүгін, 06:17

Қап тауындағы тұтқын

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар