Осы жылдың 5 шілдесінен бастап жарияланған карантин шектеулерінің орындалуын қамтамасыз ететін мониторингтік мобильді топтар жұмысы нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 758 құқық бұзушылық анықталды.
Өткен сенбінің кешінде Қызылорда қаласының 35 жастағы тұрғыны 60 адамды жинап, үйлену тойын өткізген. Келесі күні Арал ауданында да 40-50 адамның басын қосқан той өткізілгені анықталды.
Сонымен қатар, осы күні Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылының тұрғыны карантин талаптарын сақтамай, шамамен 100-дей адам жинап, көкпар ұйымдастырған. Бұл деректер бойынша әкімшілік хаттама рәсімделіп, тиісті орындарға жолданды.
Қазан айының 15 – нен бастап Полиция департаментінің қызметкерлері прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп "Қауіпсіз қала" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Шара барысында тыныштықты бұзу және Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу деректері анықталып, заң шеңберінде әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сондай – ақ, полицейлер қала аумағында орналасқан компьютер клубтарының бірінде түнгі мезгілде ойнап отырған 4 кәмелетке толмағанды анықтады. Олардың ата – аналарына айыппұл салынды.