Аймақтар • 27 Қазан, 2020

Шымкенттік спортшылар 9 айда 112 алтын, 96 күміс, 92 қола медаль жеңіп алды

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының спортшылары жыл басынан бері ел чемпионаттары мен түрлі халықаралық жарыстарда тәуір жетістіктерге қол жеткізді, - деп жазады Egemen.kz

Шымкенттік спортшылар 9 айда 112 алтын, 96 күміс, 92 қола медаль жеңіп алды

Онымен қоса шаһарда спорттық инфрақұрылымды дамыту, бұқаралық спортты насихаттауда жүйелі жұмыстар атқарылуда. 

Қалалық денешынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, 9 айда қала спортшылары ҚР чемпионаттары, кубоктары мен біріншіліктеріне қатысып, 112 алтын, 96 күміс, 92 қола медаль жеңіп алды. Азия чемпионаттары мен кубоктарында қала спортшылары 2 күміс, 3 қола медальге қол жеткізсе, Әлем чемпионаттары мен кубоктарында 1 қола медальге ие болды.

Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 7 "Халықаралық дәрежедегі спорт шебері", 52 "Қазақстан Республикасының спорт шебері", 104 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

Бүгінде 2021 жылғы ХХХІІ-Жазғы Олимпиада ойындарына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Әзірге қала спортшыларының қоржынында 4 Олимпиада жолдамасы бар. Халықты дене шынықтырумен шұғылдануға тарту және спорттық инфрақұрылымды, бұқаралық спортты тиісті деңгейде дамыту мақсатында қалада мемлекеттік жекешілік-әріптестік тетігі арқылы 4 спорт нысаны жұмыс істейді.