Білім • 27 Қазан, 2020

Қазақстандық мектептер екінші тоқсанды қалай оқиды

1567 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігі қазақстандық мектептер екінші тоқсанды қалай оқитындығы жайлы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық мектептер екінші тоқсанды қалай оқиды

Қазіргі күні қазақстандық мектептерде 3,4 млн бала оқиды:

шықтан оқыту форматында – 2,4 млн;

дәстүрлі форматта – 953 мың,

оның ішінде 647 мың бала кезекші сыныптарда (1-4 сынып),

шағын жинақты 3047 мектепте 306 мың оқушы білім алып жатыр.

Екінші тоқсанда оқу форматтары бойынша балалардың болжамды саны:

қашықтан оқыту форматында – 2,2 млн;

дәстүрлі форматта – 1,2 млн,

оның ішінде 800 мыңнан астам бала кезекші сыныптарда (1-5 сынып),

шағын жинақты 4010 мектепте 434 мың оқушы,

13 халықаралық мектепте 3 мыңға жуық оқушы (1-7 сынып) білім алатын болады.