Аймақтар • 27 Қазан, 2020

Азаматтық бастамалар орталығы идеяны жобаға айналдыруға көмектеседі

288 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елорданың үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) мен бастамашыл тұрғындары қаланың әлеуметтік ортасын жақсартуға өз үлестерін қоса алады. Нұр-Сұлтанның Азаматтық бастамалар орталығы белсенділер мен үкіметтік емес ұйымдарға идеяны жобаға айналдыруға, оны іске асыруға көмек көрсетеді.

Азаматтық бастамалар орталығы идеяны жобаға айналдыруға көмектеседі

"Біз ақпараттық-әдістемелік қолдау, консультациялар, оқыту іс-шараларын көрсетеміз және үйлестіру нетворкингін құрамыз, яғни бір-бірімізге қажетті ұйымдарды, адамдарды біріктіреміз. Жергілікті деңгейде де, ұлттық деңгейде де өзгерістер бойынша ұсыныстар, ұсынымдар дайындауға жәрдемдесеміз. Сондай-ақ біз идеяларды тыңдап, оларды жобаға қалыптастыруға көмектесеміз. Жобалардың құнын есептеу, сондай-ақ қаржыландыруды іздеу бойынша да қолдау көрсетілуде", - деді елорданың Азаматтық бастамалар орталығы директоры Махаббат Еспенова.

Азаматтық бастамалар орталығына келетін сұрақтар ауқымы кең. Қажет болған жағдайда өтініш жасағандарға заңгерлік немесе қаржылық жағынан кеңес беріледі. Орталықта бастамашыл азаматтарға әлеуметтік жобаның идеясын жүзеге асыруға көмек көрсетіледі, кейін ол гранттар немесе бағдарламалар конкурстарына қатысуға жіберіледі.

"Біз азаматтарға бастамаларды қолдау арқылы өз өмірін және қала өмірін жақсартуға көмектесеміз, осылайша Президенттің 2020 жылғы 1 қазандағы Жолдауында айтылған азаматтық белсенділікті күшейтеміз", - дейді Азаматтық бастамалар орталығының үйлестірушісі Әлия Кузбекова.

Орталықтың қатысуымен жүзеге асырылатын жобалар негізінен ерекше балалар тәрбиеленетін отбасылардың, халықтың әлеуметтік осал топтарының, көп балалы отбасылардың өмірін жақсартуға бағытталған. Сондай-ақ экология, инклюзивті білім беру, ұлттық бірегейлікті жаңғырту мәселелері бойынша идеялар іске асырылуда.

Идеяны немесе жобаны жүзеге асыру үшін ҮЕҰ және азаматтар сайтына консультацияға өтінім қалдыра алады немесе +7 7172 32 35 19, + 7 771 050 15 37, +7 708 800 28 87 нөмірлеріне қоңырау шалуына болады.