Оның айтуынша, 84% – ы анықтамалармен, 7540 адам анықтамасыз келген. Олар ПТР тесттерін тапсыру үшін ауруханаларға екі күндік карантинге орналастырылды. Оның ішінде 39 сырттан келген жағдай анықталды. Яғни, 426 халықаралық авиарейстің 19-да КВИ бар жолаушылар болды. Олардың жанында байланыста болғандар саны 413 адам және 44 бортсерік. Мониторинг нәтижелері бойынша контактілерде де, бортсеріктерде де COVID-19 анықталған жоқ. Айта кетейік, екі күндік карантин Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Қарағанды қалаларында орналастырылады.
6 қазаннан бастап ПТР анықтамасынсыз шетел азаматтарын елге кіргізбеу туралы қаулының талаптарын ескере отырып, 31 жолаушы қайтарылды. Олардың мерзімі өтіп кеткен немесе тест нәтижелері туралы анықтама болмаған. Бұл Ресей, Украина, Беларусь, Түркия, Ұлыбритания және Германия азаматтары.