Елбасы • 27 Қазан, 2020

Елбасы Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-Министрінің орынбасарымен кездесті

1822 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-Министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Елбасы Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-Министрінің орынбасарымен кездесті

Кездесу барысында экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің жуырдағы сапары кезінде құны 6 миллиард АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыру туралы қол жеткізілген уағдаластықтарды ерекше атап өтті. Сонымен қатар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Мансур мәдениет және туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Соңында тараптар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.