Руханият • 28 Қазан, 2020

Хакім тұлғасы – халық жүрегінде

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Ақпарат және қо­ғамдық даму министрлігі және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ұйымдастыруымен жас ақын­­­дар арасында өткен рес­­­пуб­ли­калық мүшәй­ра­ның қо­рытындысы бел­гілі болды.

Хакім тұлғасы – халық жүрегінде

Мүшәйрадан бөлек ұлы ақы­­ның өлеңдері мен қара сөз­дерін жатқа оқу бойынша 2 ай бойы түрлі сайыстар ұйымдас­тырылып, оған 4,5 мыңға жуық адам қатысқан. Сондай-ақ жас­тардың жазу дағдыларын дамыту мақсатында онлайн семинар-тренингтер мен шеберлік-кластар өткен. Шараға елі­мізге танымал ақындар мен жа­зушылар, абайтанушы ға­лымдар тартылып, тренингке 500, шеберлік-класқа 1000-нан астам жас қатысқан. 

Республикалық жас ақындар мүшәйрасына еліміздің 17 өңірі­нен 51 ақын бақ сынап, бас жүл­дені Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ сту­денті Дәурен Тілеу­ханұлы же­­ңіп алды. Жеңімпазға 500 мың теңге көлемінде сый­ақы берілді. Жүлделі орын ал­ған басқа ақын­дар да ақ­шалай сертификаттарға қол жет­кіз­ді. Мүшәйраға қазы­лық ет­кендер қатарында Қа­зақ­стан­ның еңбек сіңірген қай­­­раткері М.Райымбекұлы, Халық­аралық «Илхам» сый­лы­­­ғының лауреаты Д.Байтұр­сынұлы, бір­неше мүшәйраның жүлдегері А.Исаділ, «Серпер» сый­лығының лауреаты Ә.Ше­гебай сынды ақын­дар болды. «Мүшәйраға қа­тысқан барлық ақынның өмірбаяндары мен еңбектері жеке кітап болып ба­сылып шығады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өт­кендей, Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірігуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық болуы тиіс. Келешекте дәл осындай жобалар өз жалғасын табады деп ойлаймыз. Сондай-ақ жоба аясында @Abay175zhyl атауымен Instagram, Facebook әлеуметтік желілері мен тelegram каналы ашылып барлық жарияланымдар, байқаулар, сұрақ-жауаптар, бір­неше тілде әлеуметтік бейне­баян­дар жарияланды», дейді ұйымдастырушылар.