Спорт • 28 Қазан, 2020

Балуандар Жанашырда жаттығады

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грек-рим күресінен Қазақстанның ұлттық құрама командасы кезекті оқу-жаттығу жиынын Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Жанашыр ауылында өткізеді.

Балуандар Жанашырда жаттығады

Балуандар 29 қазанда бас қо­сып, 15 қарашаға дейін осын­да­ғы орталықта жаттығады. Ұлт­тық командамыздың бас бапкері Бақтияр Байсейітов бұл жиынға 24 балуанды шақырды. Солардың арасында Қорлан Жақанша (55 кило) Мейрамбек Айнағұлов, Айдос Сұлтанғали (60 кило), Алмат Кебіспаев, Мейіржан Шер­­маханбет (67 кило), Қаһар­ман Қисметов (72 кило), Асхат Діл­мұхамедов, Тамерлан Шадукаев, Демеу Жадыраев (77 кило) Мақсат Ережепов (82 кило), Нұрсұлтан Тұрсынов пен Азамат Құстыбаев (87 кило), Ерұлан Ыс­қақов (97 кило), Нұрмахан Тінәлиев пен Мансұр Шадукаев (130 кило) сынды балуандар бар.

Бұл – Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері үшін күллі әлемді шарлаған коронавирусқа байланысты жарияланған карантиннен кейінгі екінші оқу-жаттығу жиыны.