Теннис • 28 Қазан, 2020

Нұр-Сұлтанда турнир өтуде

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Нұр-Сұлтанда АТР турнирі өтуде. Бірқатар танымал теннисшінің басын қосқан айтулы жарыста қазақстандықтар да өнер көрсетуде.

Нұр-Сұлтанда турнир өтуде

Жерлестеріміздің арасынан алғашқы болып Дмитрий Попко кортқа шықты. Ол Молдованың өкілі Раду Алботпен кездесті. Әлемдік рейтингте қазақстандық теннисші 172 орында тұрса, қар­сыласы 85 сатыға жайғасқан. Алботтың «Үлкен дуылға» сана­тын­дағы турнирлерде әбден ысыл­ған сақа спортшы екенін ай­та кеткен жөн. 2018 жылы ол АҚШ-тың ашық біріншілігінің жұптық сайысында жартылай финалға дейін жеткен. Осындай мықтыға тап келген Попко өз жанкүйерлерін қуантуға барынша тырысқанымен, жеңіс мол­довалық ойыншының енші­сін­де кетті. Есеп – 2:1 (6:4, 4:6, 6:4).

Ал өзге кездесулерде мынадай есептер тіркелді: Фернандо Вердаско (Испания) – Джеймс Дакворт (Аустралия) 2:0 (6:4, 7:6), Томми Пол (АҚШ) – Стефано Травалья (Италия) 2:0 (7:6, 6:3), Камерон Нори (Ұлыбритания) – Джордан Томпсон (Аустралия) 1:2 (7:5, 6:7, 2:6) және Фрэнсис Тиафо (АҚШ) – Корнентен Муто (Франция) 2:0 (6:3, 6:2).