«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара барысында COVID-19 пандемиясының жүк тасымалдау динамикасына әсерін ескере отырып, «ТХҚР «ХА» заңды тұлғалар бірлестігінің Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша 2020 жылдың 9 айындағы тасымалдау жоспарының орындалуы жөніндегі есеп тыңдалды, есепті кезеңге сай тасымалдау көлемі 1500 ЖФЭ-ні құрады.
Сонымен қатар кездесу аясындағы пікірталастар нәтижесінде әзербайжандық вагондар операторы «ADY Express» ЖШС «KTZ Express» акционерлік қоғамы үйлестіретін Транскаспий көлік маршрутының консорциумына бірауыздан қабылданды.
Отырыстың күн тәртібінде сонымен қатар контейнерлік пойыздардың өту уақыты, Шығыс – Батыс бағытында жеке және топтық жөнелтулер, сондай-ақ 2019 жылдың 25 маусымында бекітілген Каспий теңізі порттары (Ақтау, Баку, Алат) арасындағы фидер кемелерінің қатысуымен тікелей халықаралық темір жол және су қатынасында контейнерлік тасымалды ұйымдастыру туралы келісімге өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды.
«Біз TХҚР қатысушыларының бірлескен жобалармен жұмыс істеуге деген жоғары қызығушылығын байқаймыз және тасымалдау процесінің бірыңғай технологиясын жетілдіруге, әкімшілік процедураларды жеңілдетуге, бәсекелестік ортаны құруға, сонымен қатар транзиттік және сыртқы сауда жүктерін тарту бағытының максималды тиімділігін қамтамасыз етуге тырысамыз», деді П.Соколов.
Отырыс нәтижесінде қатысушылар байытылған көмір, кокс жаңғағы, күкірт, сұйытылған газ, астық, майлы дақылдар, бұршақ дақылдарын және басқа да тауар номенклатурасын тасымалдауға арналған TХҚР маршрутындағы тарифтік шарттарды бекітті.