Ауа райы • 28 Қазан, 2020

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Елдің тек батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде күн райы жауын-шашынсыз болады деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақмола облысында желдің екпіні түнде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с артады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.