Көмекке шұғыл жеткен құтқару қызметі арнайы тұзақ арқылы жыланды ұстап, адамдардан алыс жатқан Түйемойнақ аралына жіберген.
Құтқару қызметі мамандарының айтуынша, үй маңайынан жылан көріп қалса, құтқару қызметіне жүгінген жөн. Сондай-ақ, құтқарушылар келгенше, қауіпсіз жерден жыланды көз ұшында ұстап тұруға кеңес береді.