Шағын және орта бизнес нысанын жеке кәсіпкер Ғазиз Дәуітбаев іске жаратты.
Жаңа қонақ үйдің екі адамға арналған тоғыз бөлмесі бар. Оның екеуі VIP санатында. Сонымен қатар, ғимарат ішінде 38 адам бір мезгілде еркін отырып тамақтана алатын асхана мен 84 қонаққа арналған банкет залы бар. Бағасы қолжетімді қонақ үйде бүгінгі күнде жеті адам тұрақты жұмыс істейді.
Қазіргі таңда Ұлт ұясы Ұлытауды этнотуризмнің орталығына айналдыру бойынша ірі жобалардың қолға алынып жатқаны белгілі. Құтты қонақтарға қақпасын айқара ашқан "Ұлытау" қонақ үйі соның бір дәлелі.