Қазақстан • 28 Қазан, 2020

Қазақстанда музыка ойнайтын жол пайда болды

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ "Нұр-Сұлтан-Шортаңды" автомобиль жолында музыкалық шу жолақтарын орнатты. Мұндай технология Қазақстанда алғаш рет қолданылып отырғанын айтып өткен жөн, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда музыка ойнайтын жол пайда болды

Пилоттық жоба жол жүру қауіпсіздігі саласына жаңа технологияларды енгізу аясында іске қосылған. Оны жүзеге асыру барысында Германия, Корея, АҚШ пен Жапония елдерінің тәжірибесі ескерілді.

"Музыкалық жолдар" жүргізушілерге төтенше қауіпті участкелерде жылдамдықты азайтуға көмектеседі. Әуен автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда шығады. Көлік шу жолағынан 90 км/сағ жылдамдығымен жүрген жағдайда, әуен дыбысты өзгертеді. Осылайша жүргізушінің назарын аударып, жүру жылдамдығын азайтуға әсер етеді.

Эксперименттің нәтижесі бойынша "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ келер жылы өзге де республикалық жолдарға музыкалық жолақтар орнатпақ.