Аймақтар • 28 Қазан, 2020

Шымкенттік тұрғыннан 2 миллион теңгесін алып кеткен алаяқ ұсталды

601 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте алаяқтық жолмен тұрғыннан қомақты қаражат алып, хабарсыз кеткен азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкенттік тұрғыннан 2 миллион теңгесін алып кеткен алаяқ ұсталды

19 қазанда шамамен сағат 11.00-де Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөлімінің “102” сымтетігі арқылы 1958 жылы туған жергілікті тұрғын С. есімді азамат сеніміне кіріп, қала аумағындағы элиталы мөлтек аудандарының бірінен жер телімін заңдастырып беремін деп, шамамен екі миллион теңге көлемінде ақшаны алып, хабарсыз кеткені туралы арызданған. Сол күні аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.

Әл-Фараби АПБ-ның №22 УПП-нің учаскелік полици инспекторлары жедел іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні анықтап, полицияға жеткізді. Ол 1993 жылы туған жергілікті тұрғын екені анықталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. Оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.