Білім • 28 Қазан, 2020

Еліміздегі ЖОО алғаш THE WUR by Subject рейтингіне кірді

23 рет көрсетілді

Қазақстандық ЖОО алғаш рет THE WUR by Subject рейтингіне кірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Times Higher Education World University Rankings by Subject 2021" пәндік рейтингісінің қорытындысы бойынша ғылыми көрсеткіштерін жақсартып, бірқатар мамандықтар бойынша позициясын күшейтті.

THE WUR by Subject-те 11 пән бойынша әлемнің 1500-ден астам үздік университеттері зерделенді. Жаһандық рейтинг әдіснамасы көрсеткіштердің бес тобына біріктірілген және жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу қызметінің түйінді салаларын көрсететін 13 басты индикатор негізінде жасалады. Рейтингті құруға арналған мағлұматтар үш дереккөзден жиналады, олар: статистикалық ақпарат, Scopus библиометрикалық базасы және академиялық сарапшылардан сұрау.

Өткен жылмен салыстырғанда қазақстандық жетекші университет өз көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты және THE WUR by Subjec позициясын нығайтты. Рейтингте ҚазҰУ-дың бизнес және экономика саласындағы мамандықтары (501-600), инженерия (601-800), физикалық ғылымдар (801-1000) сондай-ақ, әлеуметтік ғылымдар (601+) бойынша мамандықтар аталды.

ҚазҰУ 2020 жылы QS жаһандық рейтингісінің нәтижелері бойынша алдыңғы қатарлы университеттер тізімінде 165-ші орынға ие болып, әлемнің үздік 200 ЖОО-ның қатарына енгенін атап өткен жөн. ТМД елдерінен бұл топқа тек Ломоносов атындағы ММУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ енді. Зерттеу университетіне айнала отырып, жетекші қазақстандық ЖОО басқа да әлемдік деңгейде мойындалған рейтингтерде серпінді ілгерілеуді жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да тағы 8 үй өртенді

Оқиға • Бүгін, 21:30

Елбасы Түркістанға келді

Елбасы • Бүгін, 17:04

Доллар бағасы өсті

Экономика • Бүгін, 13:57

Ұқсас жаңалықтар