Руханият • 29 Қазан, 2020

АҚШ-тағы хоккейші ару

281 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бір емес, төрт рет виза ала алмау, жол апаты, тіл білмеудегі қиын­дықтар, пандемия және тағы басқа кедергілер Бұлбұл Қар­таңбаеваның арман жолындағы қадамдарына тосқауыл бола алған жоқ. Бұлбұл – Қазақстанның атынан Ұлттық әйел­дер хоккей лигасында (NWHL) ойнап жүрген алғашқы әйел.

АҚШ-тағы хоккейші ару

Хоккейдегі мансабын 13 жас­тан бастаған Бұлбұл – Жамбыл облысының тумасы. Ол «Tomiris Astana» командасының капитанынан бастап, Канада мен АҚШ-тың кәсіби хоккей ли­галарындағы ойынына дейінгі тартысты һәм қызғылықты жолдан өтті. Өзінің айтуынша, 2016 жылы Канада мен посткеңестік елдердің дипломатиялық қарым-қатынастарының 25 жылдығы аясында Қазақстанға келген Канада әйелдер хоккей лигасының негізін қалаушы Джо Смолмен кез­десуі жаңаша серпін сыйлаған. Бұл кездесу Бұлбұлға әсер еткені соншалық, Сол­түстік Амери­ка­ның хоккей лигасында ойнауды армандайды. Осылайша, 2017 жы­лы өзі­нің қабілет-қа­рымын көрсету үшін түсірген ви­деоролигі әйел­­дер хоккей әле­мін­­­де бірден таны­лып, Бұлбұлдың қа­білетін «Boston Blades» командасы бай­қап, оны CWHL 2017 мау­сымында ойнауға шақырды. Бірақ ойынға шақырту алып қана АҚШ-қа кете қоямын деу оңай болмай шықты. Виза ала алмағаннан кейін, мен бәрінен бас тарта жаздадым», деп еске алады Бұлбұл. «Бірақ анам ме­ні қолдады. Ол осы ойынды қан­шалықты жақсы көретінімді есіме салып отырды. Әсіресе ба­рып-келуге ұшаққа билет алу, виза рәсімдеу арзан емес. Анам мені қолдап, өз аты­на несие алып берді. Осы қол­дауы әр­дайым есімде жүреді», дей­ді ол.

АҚШ-қа келген ол ал­ғашқы тәжірибесін «Metropolitan Riveters» командасында бастап, Ұлттық әйелдер хоккей лигасында (NWHL) кә­сіби келісім­шартқа қол қои­̆ған алғашқы қазақстандық болды. Ал 2020 жыл­дың мау­сым айында Бұл­бұл АҚШ-тың Нью-Джерси шта­тындағы «Princeton Tiger Lilies» хоккей клу­бының бас бапкері болып та­ғайындалды.

Бірақ оның хоккейдегі ман­сабы қызығымен қоса қиын­дығымен қатар жүрді. 2019 жылы қыста жол апатына түсіп, жарақат алған Бұлбұл біраз уақыт ойынға қатыса алмай, қызу дайындықты емделуге ай­ыр­бастады. Одан кейінгі жер-жаһанды дүрліктірген пандемиядан жаттығу алаңдары жабылып, мансап жолындағы ілгерілеу баяулап қалған еді. Дәл осындай сын сағаттарда «Metropolitan Riveters» командасы Бұлбұлға команда құрамының толық екенін хабарлаған-ды. Бірақ өзінің тәжірибесі мен табандылығының арқасында ол Кәсіби әйелдер хоккей қа­уымдастығына (PWHPA) қа­былданды.

«Ересек әйелдерге арналған хоккей мектебі жоқтың қасы. Тек жасөспірім қыздарға немесе ерлерге арналған лагерьлер ғана қолжетімді. Дәл осы нәрсе бү­­кіл әлемдегі жас ой­ыншыларды б­і­ріктіруге ар­нал­ған Халық­аралық әйелдер хоккей лагерін құруға ша­быт берді», дей­ді ол.

Бұлбұл әлеу­­­­меттік же­лі­лерде өзі­нің жос­­па­рын жа­­рия­­лағаннан ке­­йін, оның тұ­жы­рым­да­ма­сы­на әлем ойын­шыларынан қы­зығушы­лық та­ныт­қан­­­дар қа­та­ры күрт арт­қан. Қа­зір Бұл­­­бұл спорт­тағы өз мансабынан басқа, жас спортшылар­ды қолдауға ба­ғыт­талған «Kartanbay» қорын құрды.

«Мен дарыны мен дағдысы тең түсетін көптеген жас хок­кейшіні кездестірдім, бі­рақ олар­дың өз дамуын жал­ғас­ты­руы үшін қаржылық қол­дау жоқ. Егер бәрі ойдағыдай болса және пандемия жағдайы мүмкіндік берсе, 2021 жылдың жа­зында лагерь ашуды жоспарлап отырмын. Біздің қордың мақсаты – ойыншылардың кә­сіби дамуын құнттап, әлемге өз дарынын таныта алатындай қолдау көрсету», дейді хок­кейші қыз.