Саясат • 29 Қазан, 2020

Қазақстан Елшісі Аустралияның Генерал-губернаторына сенім грамоталарын тапсырды

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Сингапурдағы, Жаңа Зеландиядағы және Аустралия Одағындағы Елшісі Аркен Арыстанов Аустралияның Генерал-губернаторы Дэвид Хёрлейге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Елшісі Аустралияның Генерал-губернаторына сенім грамоталарын тапсырды

Орын алған сұхбат барысында қазақстандық дипломат Д.Хёрлейге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізді. Елші Аустралия Қазақстан үшін Оңтүстік-Шығыс Азия мен Океаниядағы маңызды серіктестерінің бірі болып табылатынын атап өтіп, екі ел арасындағы достық қатынастарды нығайтуға бар күш-жігерін салатынына сендірді.

А.Арыстанов Қазақстан-Аустралия қатынастарының одан әрі кеңеюі үшін айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті. COVID-19 қарамастан, ірі аустралиялық компаниялар қазақстандық нарыққа белсенді түрде кіруде. Алдағы 2-3 жылда Қазақстан экономикасына 55 миллион АҚШ доллардан астам инвестиция құйылады деп күтілуде. Тау-кен саласы, ауыл шаруашылығы, су ресурстарын ұтымды пайдалану, технологиялар трансферті және халықаралық білім беру сияқты салалардағы ынтымақтастықтың келешегі зор.

Өз кезегінде Д.Хёрлей А.Арыстановты Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы Елшісінің қызметіне кірісуімен құттықтап, оны шекаралар ашылғаннан кейін өз еліне сапар шегуге шақырды. Генерал-губернатор елдеріміздің халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара қолдауын атап өтті және Қазақстанды ауқымды саяси және экономикалық жетістіктерімен құттықтап, сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті кеңейтуге, сондай-ақ көпжақты тректегі ынтымақтастықты тереңдетуге өзара қызығушылық білдірді.