Аймақтар • 29 Қазан, 2020

Оралда "Күмбірлеген күміс күй" байқауы өтті

585 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласында күйші-композитор Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдығына, көрнекті орындаушы Науша Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған "Күмбірлеген күміс күй" республикалық домбырашылар байқауы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда "Күмбірлеген күміс күй" байқауы өтті

Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған күйшілер сайысына Алматы қаласынан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облысынан 14 үміткер қатысты.

Др

Екі күнге созылған байқау барысында домбырашылар Дәулеткерей, Науша және Құрманғазы күйлерін орындады. Күйшілерді Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының Дәулеткерей атындағы ұлт аспаптар оркестрі сүйемелдеп отырды. Танымал домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ермек Қазиев бастаған қазылар алқасы республикалық сайыстың бас жүлдесіне атыраулық Жәнібек Жәмиевті лайық деп тапты. Оған 500 мың теңгежүлде берілді. Алматылық Назерке Базарбаева 300 мың теңгелік бірінші сыйлықты жеңіп алды.

Даоа

Атырау қаласынан келген Қайрат Жұмағалиев пен алматылық Ақылбек Бектасов екінші орынды бөлісті. Оларға 150 мың теңгебұйырды. Алматылық Азамат Шынаров пен оралдық Наргиза Касумова үшінші орын иегері атанып, 75 мың теңгенің жүлдесін қанжығаға байлады.

Осы сайыстың бір ерекшелігі қазақ күйінің алтын қорына Махамбет, Құрманғазы, Нақыш, Мүсірәлі, Соқыр Есжан, Қожақ секілді күйшілердің шығармаларын қосқандомбырашы, Махамбет атындағы сыйлықтың иегері Өтеген Жұмашевтың құрметіне арнайы сыйлық тағайындалған болатын. Жақында ғана 90 жастың төріне шыққан қарт күйші атындағы 100 мың теңгелік арнаулы сыйлық қызылордалық Бауыржан Сейдәліге бұйырды. Оралдық Әлібек Қуанышәлиев пен Әділбек Қодаров дипломант атанды.

 

Батыс Қазақстан облысы