Ауа райы • 29 Қазан, 2020

Нұр-Сұлтанда және жеті облыста көктайғақ болады

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Нұр-Сұлтанда және жеті облыста жауын-шашынның түсуіне және аяз болуына байланысты көктайғақ болады, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда және жеті облыста көктайғақ болады

"29 қазанда Нұр-Сұлтан, Ақмола, Шығыс-Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашынның түсуіне және аяз болуына байланысты көктайғақ  орын алады. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары, сондай-ақ көше жарақаттары: соғылу, шығып кету және сыну қатерлері ұлғаяды. Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде абай болып, төмен жылдамдықты сақтауды және сақ болуды ұсынады. Жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде өте мұқият болуы керек, асығуға немесе жүгіруге болмайды", делінген хабарламада.

Айта кетейік, көктайғақ кезінде азаматтарға тайғанамайтын табаны бар аяқ киім кию ұсынылады.